Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдардың ақшаны көп тауып, байып кетуіне не кедергі келтіреді

Опубликовано:

Қазіргі таңда барлық адамдар бақуатты өмір сүріп, ештеңеден таршылық көрмеуді қалайды. Тіпті, осы жолда ақшасын шектен тыс үнемдеп, сараңданып кететіндер де бар. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап адамдардың баюына не кедергі келтіретінін анықтап көрді.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Шектен тыс үнемдеу

Барлығына ақшасын үнемдеп, ең арзан затты іздеп, жинаған қаржысын сақтау үшін өзін көп нәрседен шектейтін жандар тез байып кетеді деген түсінік бар. Шын мәнісінде, олай емес. Үнемдеуге сіздің уақытыңыз бен күш-жігеріңіз кетеді. Сондықтан оның орнына жаңа кіріс көзін іздеуді ойлаңыз.

Өзгерістерден қорқу

Жайлылық аймағынан шығу - қорқынышты әрі әдеттегіден басқаша дүние. Егер өз өміріңіздегі қатып қалған нәрсені өзгертуден қорықсаңыз, онда жақсы өмір сүремін деп ойлауыңыз да қате. Кез келген істе тәуекел ете білу керек.

Өзгерістерден қорқу психологияның кедейлігін білдіреді. Мұндай адамдар басқа қызметке ауысудан қорқып, тыйын-тебенге жұмыс істеп жүре береді. Олар осылайша өздерін даму мүмкіндігінен айырып алады.

Жалқаулық пен қызғаныш

Сізді қоршаған адамдардың жетістігі сіздің қызғанышыңызды оятпай, керісінше мотивация беруі керек. Егер адам жалқау болып, өз мақсатына жету үшін жұмыс істемесе, онда ол қаржылық жетістікке ешқашан жетпейді. Қызғаныш - көңіліңізді түсіріп, сізді төменге тартатын адам бойындағы ең қажетсіз мінез. Қысқасын айтқанда, диванда жатып, табысты адамдарды әңгімелеу - сізді олардың қатарына қоспайтынын есте сақтаңыз.

Жауапкершіліктің болмауы

Айналасындағылардың бәрі өзіне көмектесуге міндетті деп есептейтін адамдар өміріндегі жағдайлар үшін жауапты болуға мүлдем дайын емес. Табысты адам болу үшін өміріңіздегі сәтсіздіктер мен жағымсыз жайттар тек сіздің ғана әрекетіңіздің жемісі екенін ұққан жөн.

Айта кетейік бұған дейін ақша жинаудың оңай тәсілдері жайлы кеңестерді жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834797-adamdardy-aksany-kp-tauyp-bajyp-ketuine-ne-kedergi-keltiredi/

pixel