RU

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы есін жиды

Telegram logo VKontakte logo

Алматыдағы ұшақ апатында зардап шеккен екінші ұшқыш жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды. Ұшқыш есін жиған. Бұл туралы брифингте №4 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

"Жағдайы тұрақталды. Пилот қазір есін жиды, жансақтау бөлімінде емес, бейінді бөлімде жатыр. Сөйлеседі, сұрақтарға дұрыс жауап беруде", – дейді Байзолданова.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы медициналық мекемелерде 27 науқас, оның ішінде жеті бала барын мәлімдеді. Тағы үш адам Нұр-Сұлтанда ем алуда.

Жансақтау бөлімінде екі адам жатыр: біреуі – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында, екіншісі – Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында. Жансақтау бөліміндегілерді қосқанда, зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты, жақсару динамикасы байқалады. Жалпы, дәрігерлер 22 ота жасап, барлығы да сәтті өткен.

"Медициналық көмек, диагностикалық тексеру және дәрі-дәрмек толық ауқымда қамтамасыз етілуде. Күнделікті Алматы мен Нұр-Сұлтанның қалалық және республикалық ұйымдарының бейінді мамандарымен консилиумдар мен кеңес беру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті Әбілдаев.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Кейіннен Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы есін жиды