RU

Қызық қуған қарағандылық ауылдағы шыршаны өртеп жіберді

Telegram logo VKontakte logo

2020 жылғы 1 қаңтарда белгісіз біреулер Қарағанды облысы Сарышаған ауылының мәдениет сарайы маңындағы шыршаны өртеп жіберген. Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

Аталған оқиға туралы хабарлама Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылы полициясының кезекші бөліміне шамамен таңғы 06:00-де келіп түскен.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Ол істеген ісін мойындап, көңіл көтеру үшін шыршаны өртегенін жеткізді.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. "Өртеу арқылы бөтен біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру". Осы баптың санкциясына сәйкес, күдіктіге 3 мыңнан 7 мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау кентінің орталық алаңында тұрған жасанды шыршаның отқа оранғанын хабарлаған едік.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 5 адам және бір техника жұмылдырылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қызық қуған қарағандылық ауылдағы шыршаны өртеп жіберді