Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қан қысымын төмендететін ең пайдалы шырын қандай

Опубликовано:

Хельсинки университетінің маманы Энн Кивимяки итбүлдіргеннің шырынын ұзақ уақыт бойы пайдалану қан қысымын төмендетіп, жүрек ан тамырлары ауруларының алдын алатынын мәлімдеді. Ол зерттеу нәтижесін Medicallxpress басылымына жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ iz.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар зерттеуде итбүлдірген, қаражидек және мүкжидектің балғын шырынын пайдаланған. Көртышқандарға 8-10 апта бойы жасалған зерттеу нәтижесі итбүлдірген шырынының қан қысымын төмендетіп, қан тамырлары жұмысының жақсартынын көрсеткен.

Сондай-ақ аталған шырын қан тамырлары жұмысын қалпына келтіруге де жәрдемдеседі екен. Ал зерттеуде пайдаланылған өзге жидектердің шырыны мұндай нәтиже көрсетпеген.

Мамандар сонымен бірге итбүлдіргеннің құрамындағы полифенол жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупінің алдын алатынын анықтаған. Олардың айтуынша полифенол итбүлдіргеннен басқа қаражидек, мүкжидек және қара қарақатта бар екен.

Олар аталған зерттеуді алдағы уақытта қан қысымы жоғары адамдарға қолданып көрмек. Мамандардың сөзінше, егер аталмыш зерттеу нәтижесі адамдарға оң әсерін тигізсе, қан қысымы жоғары адамдарға болашақта дәрілерді емес, итбүлдіргеннің шырынын пайдалануға кеңес беріледі дейді.

Десе де мамандар ауруы асқынған адамдарға тек шырын арқылы көмек беру мүмкін емес екендігін айтты.

Олар мұндай жағдайда аталған шырын дәріге қосымша дәрумен ретінде пайдаланылады деп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ешкі сүтінің адам денсаулығына орасан зор пайдасы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834803-kan-kysymyn-tmendetetin-e-pajdaly-syryn-kandaj/

pixel