Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы 717 мың теңге тұратын айфонын автобуста ұрлатып алды

Опубликовано:

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында 17 жастағы мектеп оқушысының қымбат смартфонын ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға Жаңа жыл қарсаңында қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде орын алған.

Ведомствоның ақпарынша, күдікті 11-сынып оқушысының қалтасынан iPhone XS маркалы қымбат смартфонды ұрлап әкеткен.

Гаджеттің бағасы 717 мың теңгені құрайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Бұдан бөлек, облыстық ПД баспасөз қызметі өткен демалыс күндері, атап айтқанда, 3 қаңтарда 20 жастағы жігіттің ұсталғанын хабарлады. Ол әмиян ұрлады деп күдіктелуде.

Әмиянда құжаттардан бөлек, он мың теңге ақша болған. Жалпы, келтірілген шығын он бес мың теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, ұрланған заттардың барлығы иесіне қайтарылды.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы қарашада Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы "Нұртай" мешітіндегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды.

"Мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды. Күдікті деструктивті діни ағымда жүрген қала тұрғыны болып шықты. Ал жиналған ақша мұқтаж отбасылар мен балаларға арналған болатын. Жәшікте 200 мың теңге болған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834809-aktbede-mektep-okusysy-717-my-tege-tratyn-ajfonyn-avtobusta-rlatyp-aldy/

pixel