Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк-Төбеде аттракционнан құлаған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Дәрігерлер Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің жағдайы тұралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Видеодан кадр/t.me/kris_p_almaty_official
Видеодан кадр/t.me/kris_p_almaty_official: UGC

Алматы қалалық балалар жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов жасөспірімге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін жеткізді.

"Бала ауруханаға түскенде дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, науқаста көптеген сынықтар бар екені анықталды. Баланың 3–4 омыртқасында компресиялық сынық және сол жақ білек сүйегі, он жақ табан сүйегі мен сол аяғының тобығы сынған. Науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді", – деді ол.

Құсайыновтың сөзінше, қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр.

Жасөспірім травматология бөлімінде ем қабылдауда.

Еске сала кетсек, Көктөбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді.

Видео kris_p_almaty Telegram-арнасында жарық көрді.

Роликтің 17 секундында жасөспірімнің "Керме ағаш" атракционынан ұшқанын байқауға болады.

Бұл жағдай оператор кабельді босатқаннан кейін орын алған.

Белгілі болғандай, бозбала жерден жоғарыға қарай көтеріліп, бірнеше рет ауада айналып, асфальтқа құлаған.

Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде аталған видеоның қысқартылған нұсқалары да тарап кетті.

Келеңсіз жағдай 2 қаңтар күні орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834812-kk-tbede-attrakcionnan-klagan-zasspirimni-zagdajy-belgili-boldy/

pixel