RU

Ресейде бір мезетте 30 шақты көлік мұз астына түсіп кетті (видео)

Ресейдің Владивосток қаласындағы Руский аралында балықшылардың 30-ға жуық автокөлігі мұз астына түсіп кетті. Бұл туралы Ресей ТЖМ-нің Приморск өлкесі бойынша бас комитетінің төрағасы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook
"Воевода айлағында 30-ға жуық автокөлік мұздың астына жартылай батып кетті. Бір бөлігі – төбесіне дейін, бірі – капотына дейін, кейбірі – дөңгелегіне дейін батқан. Балықшылардың бір бөлігі көліктерін өз бетімен шығарып алған. Басқаларына құтқарушылар көмектесіп жатыр: олар автокөліктерді троспен тартып шығаруда", – дейді агенттіктің дереккөзі.

Ол оқиғаға балықшылардың көлікпен мұзға шықпау туралы талапты орындамауы себеп болғанын жеткізді: автокөліктерді бір-бірінің қасына мұз айдынына қойған.

Айтуынша, бұл жердегі судың тереңдігі екі метрден аспайды.

Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетіп, бірі қаза болды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған.

Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен.

Олардың үшеуі аман қалса, суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834813-resejde-bir-mezette-30-sakty-klik-mz-astyna-tsip-ketti-video.html