Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Sputnik/ Болат Шайхинов
Фото: Sputnik/ Болат Шайхинов: Facebook

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады.

Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр.

Діни басқарманың мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады

Еске сала кетейік, былтыр Рамазан айы 6 мамырда басталған болатын.

Рамазан айында ораза тұту - мұсылманның бес парызының бірі. Бұл күндері жамағат ауыз бекітіп, жағымсыз әдеттерден тиылады. Игі амалдар жасап, зекет беріп, қайырымдылық істермен айналысады.

Қасиетті Рамазан айының адамзатқа берер сауабы мен пайдасы аса мол. Бұл уақытта мұсылмандар отыз күн ораза ұстап, Алладан қалағанын сұрайды. Алайда, Рамазан айының өзге айлардан ерекшелігі оразамен ғана шектелмейді.

Осы орайда, Қасиетті айдың көпшілік біле бермейтін 10 артықшылығын оқырман назарына ұсынған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834830-biyl-ramazan-ajy-kasan-bastalady/

pixel