RU

Әлемдегі ең қарт әжей 117 жасын атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Жапониядағы қарттар үйінде тұратын Канэ Танака 117 жасқа толды. Оның туған күніне орай мекемеде сауық кеші өткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Канэ Танака. Фото: facty.com.ua

Канэ Танака. Фото: facty.com.ua

Киодо агенттігінің ақпарынша, қарттар үйінің басшылығы ұйымдастырған мерекелік шараға мекеменің басқа да тұрғындары қатысқан.

117 жасқа толған Канэ Танака 2019 жылғы 9 наурызда Жердің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген болатын.

Жапониялық әжей 1903 жылғы 2 қаңтарда Фукуока префектурасында дүниеге келген. 19 жасында Хидэо Танака есімді дүкен қожайынына тұрмысқа шыққан. Жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп өсірді.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қарт адам – этникалық қазақ Танзиля Бисембееваның 125 жасқа толуына бір ай қалғанда Ресейде қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Кейуана Ресейдің Астрахань облсыныда дүниеге келіп, сол жерде тұрған.

Ресейлік БАҚ Танзиля туралы 2016 жылы, яғни қарияның 121 жасында жаза бастаған.

Сол кезде оның келіні әжейдің денсаулығы тек 120 жасқа толғаннан кейін күрт нашарлағанын сөз етті. Танзиля әжей төсек тартып, тез шаршап, көбірек ұйықтайтын болған.

Танзиля Бисембеева патшаның заманында, 1896 жылы дүниеге келді. Өз заманында ол революцияны, екі соғысты, сондай-ақ Кеңес үкіметінің құлдырауын да бастан өткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемдегі ең қарт әжей 117 жасын атап өтті (фото, видео)
Mailfire view pixel