RU

Моңғолия президенті ел қарияларының барлық несиесін жабуға тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында елдегі зейнеткерлердің несиесі кешірілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: centralasia.media

Фото: centralasia.media

"Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін несиелерді жауып беретін болды", - деді Баттулга.

Заңгер, бұрынғы Әділет министрінің орынбасары Б. Энхбаяр Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәселені шешу құзіреттілігі жоқ екенін атап өтті. Аталған сұрақтар парламент сүзгісінен өтеді.

Қазіргі уақытта Моңғолияда 380 мыңнан аса зейнеткер зейнетақы алады және жартысынан көбі несие төлейді.

Бірақ, кейбір экономистер, саясаткерлер бұл мәлімдемені сынға алып, 2020 жылдағы парламент сайлауы алдындағы популизм деп есептеп отыр.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінде отандастарына алғашқы құттықтауын жолдады. Украиналықтар 2020 жылға бірнеше минут қалғанда көрген видеоны ерекше әсермен қабылдады.

Владимир Зеленский Украина тұрғындарын 13 минут құттықтады. Құттықтауға басқа да украиналықтар-саясаткерлер, шоу-бизнес өкілдері, тележүргізушілер мен спортшылар қатысты.

Үндеудің басты тақырыбы "украиналық" түсінігінің негізгі мағынасын ұғындыру болды. Президент жеке куәлігінде " Украина азаматы" деген жазуы бар жандарды не біріктіретінін түсіндірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моңғолия президенті ел қарияларының барлық несиесін жабуға тапсырма берді
Mailfire view pixel