Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдарға ақ батасын берген Алтынбек Қоразбаев қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Алтынбек Қоразбаев концерт алдында Ернар Айдарға арнайы барып, өзінің ағалық ақ батасын берген. Эстрада жұлдызы үлкен ән кешін өткізгелі жатқан өнердегі інісін жігерлендіріп қана қоймай, көңілін де көтере білген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ернар Айдар көпке сыйлы әнші ағасынан бата алған сәтімен Instagram желісінде бөлісуді ұйғарған. Шоу-бизнес жұлдызы жариялаған видеода Алтынбек Қоразбаев алдымен ақ тілегін білдірген.

"Алматыдағы концертімнің алдында, Алтынбек атам келіп ақ тілегін айтқан сәт. Естелік болып қалсын. Қобалжып тұрған көңіліме, құйрығымнан ұрып, шап сүрінбе деп жігер сыйлаған, Алтынбек атама алғысым шексіз. Соңына дейін көріңіздер қызық болады" , - деп жазды ол бейнежазба астына.

Ернар Айдардың үлкен ән кеші алдында орын алған бұл қызықты жайтқа куә болған желі қолданушылары оны бірден қызу талқылауға кіріскен. Олар Қоразбаевтың әрекетіне қатысты түрлі пікір білдіруде.

"Керемет сәт, ағасы мен інісінің сыйластығы кқрініп-ақ тұр" , "Атаңның жолын берсін, аман болыңдар" , "Дұрыс, сен баланы сабау керек. Әйтпесе, көз тиеді" , "Алтынбек аға артыңнан ұрса жаман болмайсың" , "Үлкен ағамыздың батасы қабыл болып, жолын ақ болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңында орын алған ұшақ апатында Ернар Айдардың директоры зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834839-ernar-ajdarga-ak-batasyn-bergen-altynbek-korazbaev-eldi-tnti-etti-video/

pixel