RU
"Канело" 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті (видео)

"Канело" 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

WBC (Franchise) және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес (53-2-1, 36 КО) әлеуметтік желіде өзінің 60 миллион доллар тұратын яхтасын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:instagram.com/canelo. Коллаж NUR.KZ

Фото:instagram.com/canelo. Коллаж NUR.KZ

Мексикалық боксшы демалып жүрген видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Кадрлардан оның достарымен бірге скутермен жүзіп жүргенін көруге болады. Сондай-ақ видеода қара түсті үлкен яхта көрінеді, оның артқы жағында боксшының лақап аты "Канело" жазылған.

Альварестің өзі "демалыстан ляззат алып жүргенін" жазды. Посттағы мәліметке сәйкес, боксшының демалысы Багам аралдарының астанасы Нассауда өткен.

Boxingnews24-тің мәліметінше, мексикалық жұлдыздың қайығы 60 миллион доллар тұрады.

Айта кетейік, 2018 жылғы қазан айында Сауль Альварес DAZN стриминг қызметімен келісім шарт жасасқан. Онда боксшының 5 жыл ішінде 365 миллион доллар табыс табуы қарастырылған. Келісімге сәйкес, аталған платформада "Канело" 11 жекпе-жек өткізуі тиіс.

Боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылғы қарашада өткізген болатын. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен кездесуде ол ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) 11-ші раундта нокаутқа түсірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel