Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грозныйдан мейрамхана ашқан Қадыровтың қызы халықтың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Шешенстан президентінің үлкен қызы Айшат Қадырова ел астанасы Грозныйдан мейрамхана ашты. Нысанның ашылу рәсіміне Рамзан Қадыров жұбайы Меднимен бірге келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Кавказ.Реалии" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамзан Қадыров жұбаймен және қызымен. Фото: РИА Новости
Рамзан Қадыров жұбаймен және қызымен. Фото: РИА Новости: Depositphotos

Жаңа жыл қарсаңында шешен астанасындағы Путин даңғылы жабылды. Оған себеп Шешенстан президенті үлкен қызының "Париж" ресторанының ашылуы болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Рамзан Қадыров жұбайы Меднимен және шенеуніктермен келді. Мейрамхананың ашылуы Firdaws сән үйінің жетекшісі Айшат Қадырованың туған күніне тұспа-тұс келді. Айтпақшы, бұл Грозный орталығында Firdaws ашқан екінші мейрамхана.

"Париж" Грозныйдағы бұрынғы Орталық қалалық кітапхана ғимаратында орналасқан. 2016 жылдың сәуір айында қалалық кітапхананы жергілікті билік оқшаулап алған еді. Енді аталған ғимарат орнында ресторан бой көтеріп отыр.

Грозныйдағы бұл кітапхана соғысқа дейінгі кезеңнен бері сақталған жалғыз нысан еді. Мұнда шешен зиялы өкілдері түрлі мәдени және ғылыми шаралар өткізетін. Сондай-ақ, кітапханадағы оқу залы ешқашан бос тұрмаған. Тұрғындардың сөзінше, студенттер мен қарапайым грозныйлықтар оған соғыс аяқталмаған тұста да барып жүрген.

Ал "Кавказ. Реалии" сауалнамасына жауап берген қала тұрғындары кітапхана орнына ресторан ашылғанын сынға алды.

"Грозный" кітапханасының тағдыры қазіргі Шешенстан басшысы мен оның жанындағыларға мәдениет пен білімнің бос әңгіме екенін көрсетіп, олардың екі жүзділігі мен жалған ұстанымдарын айқындайды", - дейді Грозный университеттері бірінің профессоры.

Алғашқы грозныйлық мектептің ұстазы болған Макка Аслаханова (аты-жөні өзгертілген) да кітапхана тағдырына қатты күйінгенін айтады.

"Ол екі соғыс пен соғыс аралық ауыр кезеңді көрді. Бірақ, сол жылдары кітапхананы басқа нәрсеге ауыстыру ешкімнің ойына да келмеді. Ол өз оқырмандарын қабылдай берді", - дейді Макка.
"Біздің кітапхана қанша ауырлық пен қиындықтан өтсе де, "бейбіт құрылысқа" қарсы тұра алмады",- деп түйіндеді Аслаханова.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық азаматша Сәуле Қосақаеваның Оңтүстік Кореяда дәмхана ашқанын хабарлаған едік.

Залда қазақтың эстрадалық музыкасы ойнап тұрады, ал дастарханға Шымкенттің кәуабы мен самсасы қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834842-groznyjdy-kak-ortasynda-mejramhana-askan-kadyrovty-kyzy-halykty-asuyna-tidi/

pixel