Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді өлтірмеңдерші": Америкалық актриса Ираннан кешірім сұрады

Опубликовано:

"Зачарованные" телехикаясының актрисасы Роуз Макгоуэн генерал Касем Сулейманидің америкалықтардың қолынан қаза тапқаны үшін Ираннан кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Взгляд" басылымына сілтеме жасап.

Роуз Макгоуэн, Касем Сулеймани. Фото: instagram.com/rosemcgowan, vvesti.com
Роуз Макгоуэн, Касем Сулеймани. Фото: instagram.com/rosemcgowan, vvesti.com: Facebook
"Қымбатты Иран, АҚШ сіздердің елдеріңізге, туларыңызға, халқыңызға құрметсіздік танытты. Америкалықтардың 52 пайызы кешірім сұрап, бейбітшілікті қалайды. Олар террористік режимнің тұтқынында.
Біз қалай қашып құтылатынымызды білмейміз. Өтінемін, бізді өлтірмеңдерші", – деп жазды актриса өзінің Twitter парақшасында.

Макгоуэн Сулейманиді "зұлым адам болған" деп есептейді. Алайда, ол АҚШ-тың әрекетін қолдап отырған жоқ. Айтуынша, АҚШ "моральдік тұрғыда жемқор және заңсыз әрекет етеді". Дегенмен, актриса екі елді де қолдамайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ АҚШ республикалық партиясының тіркелген мүшесі екенін еске салып, "Клинтондарды да, Трампты да жек көретінін" жеткізді.

Макгоуэн сайлауда демократтардың жеңіске жеткенін қалайды. Айтуынша, сол кезде АҚШ азаматтарының "аман қалуына мүмкіндік арта түседі".

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде "Аль-Кудс" ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Айта кетейік, кеше Қазақстан мен Иран cыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті.

Министр Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді.

Ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1834852-bizdi-ltirmedersi-amerikalyk-aktrisa-irannan-kesirim-srady/

pixel