RU
Украинада жас ғашықтар ата-анасын тонап, қашып кетті

Украинада жас ғашықтар ата-анасын тонап, қашып кетті

Рассказать Вконтакте

Украина астанасы Киевте екі жасөспірім ата-анасын тонап, қашып кетті. Бет-әлпеттерін өзгертіп алған жас ғашықтарды Одессада құқық қорғау органдары қызметерлері тауып алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Украина ұлттық полициясы

Фото: Украина ұлттық полициясы

"Жаңа жыл мерекесі қарсаңында одессалық полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімдр Одессаға аттанғаны туралы хабар алып, бірден іске кіріскен", - деді украиналық полицияда.

Қашып кеткен ғашықтар жайлы ата-аналары хабар берген. Ал 16 жастағы жігіт пен қыз ешкім танымас үшін киімдерін өзгертіп, шаштарын басқа түске бояп алған. Олар Одессада тәуліктік пәтер жалдап, болашақта да бірге өмір сүруді жоспарлаған.

Ал әке-шешелерінен ұрлаған қаражаттары таусылғанда екі жеткіншек те интернетте заңсыз жұмысқа кірген.

Айта кетейік, Шешенстан президентінің үлкен қызы Айшат Қадырова ел астанасы Грозныйдан мейрамхана ашты. Нысанның ашылу рәсіміне Рамзан Қадыров жұбайы Меднимен бірге келді.

"Париж"мейрамханасы Грозныйдағы бұрынғы Орталық қалалық кітапхана ғимаратында орналасқан. 2016 жылдың сәуір айында қалалық кітапхананы жергілікті билік оқшаулап алған еді. Енді аталған ғимарат орнында ресторан бой көтеріп отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel