Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам үш баланың анасын ұрып өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Қырғызстанның Баткен облысында үш баланың анасы қайтыс болды. Әйелдің өліміне оның жұбайы күдіктелуде. Ер адам марқұмды ұрып өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Басылымның мәліметінше, 4 қаңтарда шамамен 1:00-де облыстық ауруханадан 26 жастағы келіншектің жансыз денесі жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабар түскен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның денесінен жара, көгерген және күйік іздерін анықтаған.

Тексеру барысында 3 қаңтар күні келіншектің күйеуімен ұрсып қалғаны, екеуінің арасында жанжал туғаны белгілі болды.

Құқық қорғаушылар сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Марқұмның күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, кеше Facebook қолданушысы Нурайым Эрнисова қатарласының күйеуінің қолынан қаза тапқанын жазған болатын. Үш баланың анасыз қалғанын айтқан ол келіншектің жұбайының ұрып-соққанына көніп, қиындыққа төзе бергенін жеткізді. Айтуынша, күйеуі оны ақыры ұрып өлтірген.

Нурайым Эрнисова осы оқиғаға байланысты, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әр қыз-келіншек білуі тиіс ережелермен бөлісті.

Сонымен қатар бұған дейін Алматыда жалақысын алуға барған үш баланың анасын ағайынды екі ер адамның соққыға жығып, зорламақ болғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834865-er-adam-s-balany-anasyn-ryp-ltirdi-dep-kdiktelude/

pixel