Выйти
RU

Билік басындағы әйелдер: Әлемнің ең жас әрі ықпалды нәзік жандылары кімдер

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Саясат әрдайым ерлердің ісі болған. Дегенмен, қазіргі заманда көптеген әйел саясат шыңын бағындыруда. Олар премьер-министр және президент қызметтерін сәтті атқарып, саяси сахнада құрмет пен беделге қол жеткізіп жатыр. Ендеше, KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап билікте жүрген ықпалды әрі болашағы зор нәзік жандыларды ұсынады.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир. Исландияның саяси қайраткері, журналист әрі оқытушы. Катрин 2017 жылғы 30 қарашадан бері Исландия үкіметін басқарды. Ол 2017 жылғы қарашада президенттен үкімет құруға мандат алды.

Катрин Якобсдоуттир. Фото: lublu.bb.lv

Катрин Якобсдоуттир. Фото: lublu.bb.lv

Ана Брнабич – серб саясаткері, 2017 жылғы 29 маусымнан бастап Сербия премьер-министрі. Бұған дейін Александр Вучич үкіметінде мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару министрі болған.

Ана Брнабич. Фото: katehon.com

Ана Брнабич. Фото: katehon.com

Санна Марин 2019 жылғы 10 желтоқсанында Финляндия премьер-министрі болып тағайындалды. Ол бүгінде әлемдегі қазіргі ең жас үкімет басшысы әрі Финляндия тарихындағы ең жас премьер-министр болып табылады.

Санна Марин. Фото: Jukka-Pekka Flander/Sanna Marin/Facebook

Санна Марин. Фото: Jukka-Pekka Flander/Sanna Marin/Facebook

Колинда Грабар-Китарович. Хорватияның мемлекеттік әрі саяси қайраткері. 2015 жылғы 19 ақпаннан бастап Хорватия президенті.

Колинда Грабар-Китарович. Фото: 24smi.org

Колинда Грабар-Китарович. Фото: 24smi.org

Метте Фредериксен – даниялық саясаткер, 2019 жылғы 27 маусымнан бастап Дания премьер-министрі. 2001 жылдан бері Копенгаген округінен сайланған фолькетинг депутаты. Хелле Торнинг-Шмитт үкіметінде 2011 жылдан 2014 жылға дейін жұмыспен қамту министрі, 2014 жылдан 2015 жылға дейін әділет министрі болған.

Метте Фредериксен. Фото: News Oresund/ regnum.ru

Метте Фредериксен. Фото: News Oresund/ regnum.ru

Софи Вильмес – бельгиялық мемлекеттік әрі саяси қайраткер, француз қауымдастығының өкілі, "Реформаторлық қозғалыс" партиясының мүшесі. Софи Вильмес 2019 жылғы 27 қазаннан бастап Бельгия премьер-министрі.

Софи Вильмес. Фото: trend.az

Софи Вильмес. Фото: trend.az

Керсти Кальюлайд - эстониялық экономист әрі саясаткер. 2016 жылғы 10 қазанынан бері Эстония президенті.

Крести Кальюлайд. Фото: Mihkel Maripuu

Крести Кальюлайд. Фото: Mihkel Maripuu

Майя Санду – молдовалық саяси әрі мемлекеттік қайраткер. 2016 жылғы сайлауда Молдавия президенті қызметіне үміткер болды. 2019 жылғы 8 маусымнан 12 қарашаға дейін Молдова республикасының премьер-министрі.

Майя Санду. Фото: fondsk.ru

Майя Санду. Фото: fondsk.ru

Жанин Аньес Чавес – боливиялық саясаткер әрі заңгер. Бени департаментіне өкілдік еткен сенатор. Президент Эво Моралес отставкасынан кейін Боливия президенті міндетін атқаруда.

Жанин Аньес Чавес. Фото: ruspekh.ru

Жанин Аньес Чавес. Фото: ruspekh.ru

Зузана Чапутова – словак мемлекеттік қызметкері, 2019 жылғы 15 маусымнан бастап бүгінге дейін Словакия республикасының президенті әрі Словакия қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.

Зузана Чапутова. Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий

Зузана Чапутова. Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий

Еске сала кетейік, бұған дейін ең жас әйелдерден құралған Финляндия үкіметі туралы жазған едік.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Билік басындағы әйелдер: Әлемнің ең жас әрі ықпалды нәзік жандылары кімдер