RU
Мамандандырылған ХҚКО-дағы ұзын-сонар кезек: ІІМ жағдайды түсіндірді (видео)

Мамандандырылған ХҚКО-дағы ұзын-сонар кезек: ІІМ жағдайды түсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі халыққа қызмет көрсетуге жауапты ведомстволардың жұмысы уақытша тоқтатылғанына қатысты пікір білдірді. Бұл мәселе жақында ақпараттандыру жүйесінің жаңартылуына орай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кейбір қызметтердің көрсетілу уақыты айтарлықтай ұзарғанымен байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: Instagram / astana_sergek видеосынан, NUR.KZ / Петр Карандашов

Кадрлар: Instagram / astana_sergek видеосынан, NUR.KZ / Петр Карандашов

ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, клиенттерге көлік құралын тіркеуге және жүргізуші куәлігін беруге көбірек уақыт жұмсалған.

Сол себепті орталықтарда ұзын-сонар кезек пайда болған.

Айта кетейік, бүгін, 6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтіні хабарланды.

Бұл туралы ұйымның өкілдері әлеуметтік желілерде хабардар етіп, мәселені түсіндірген болатын.

Аталған мәселенің туындауына ішкі істер министрлігі ақпараттық жүйесінің жаңартылуы себеп болған. Қазіргі уақытта мамандардың ақауларды жоюмен айналысып жатқаны белгілі болды.

Ел тұрғындарының бұған дейін де бірнеше жыл бойы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына шағымданғанын айта кету керек.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізуші куәлігін республика азаматтары жаңа ереже бойынша ала алатынын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel