RU
Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындады

Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындады

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев ірі көлемде ақша жымқыру және оларды заңдастыру бойынша өзіне тағылған кінәні толық мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz

Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz

Алматыда иемдену немесе сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету, сондай-ақ ақшаны жылыстату бойынша күдікке ілінген бизнесмен және қаржы сарапшысы Жомарт Ертаевқа қатысты сот ісі жалғасуда.

Бұрынғы банкирден бөлек, тағы 36 адам сот алдында жауапқа тартылуда. Жәбірленушілер – үшеу.

Аталған істі Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий қарап жатыр. Іс 700 том мен 46 эпизодтан, ал айыптау актісі 280 беттен тұрады. Оның бірнеше күн бойы оқылғанын айта кеткен жөн.

Бүгінгі сот отырысында судья Роман Селицкий Жомарт Ертаев пен оның сыбайластарына тағылған айыптарды оқыды. Экс-банкир адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК-нің 189 бабы 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша айыпталуда. Ол ҚР ҚК-нің 28 бабы 3-бөлігі бойынша ұйымдастырушы ретінде бағаланды.

"Кінәмді толық мойындаймын", – деді Жомарт Ертаев.

Айта кетейік, аталған бап бойынша өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін оңтүстік астанада бұрынғы қазақстандық банкир Жомарт Ертаев басты күдікті ретінде қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты сот басталғанын хабарлағанбыз.

Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы қымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

Алматыда мекемеаралық жедел-тергеу тобы экс-банкир әрі "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры Жомарт Ертаевты құрықтамақ болған. Алайда, Ертаев дер кезінде ізін суытқан.

2018 жылы мамыр айында банкирді ресейлік құзырлы орған өкілдері тұтқындаған болатын. Алайда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Ертаевты кейінірек босатып жіберген.

Биыл Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel