Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандағы қала әлемдегі ең қорқынышты жердің бірі деп танылды

Опубликовано:

Өзбекстандағы Арал теңізі маңында орналасқан Мойнақ қаласы "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізіміне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Central Asia.media-ға сілтеме жасап.

Фото: centralasia.media
Фото: centralasia.media: Twitter

"Кемелер зираты" атанып кеткен Мойнақ қаласы "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізімінде 11 орынға жайғасқан.

Айта кетсек, аталмыш рейтингті әлемге танымал Fox News телеарнасы жасаған.

Бұған дейін Арал теңізі үлкендігі жағынан әлемде төртінші орын алғаны белгілі. Өткен ғасырдың ортасында Мойнақ қаласы Арал теңізі маңындағы ең үлкен кемежай болған. Арал теңізінің құрғап қалуы - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі болып танылған.

Қазіргі таңда теңіздің 90 пайызы құрғап қалған. Шөлге айналған теңіздің орнындағы тот басқан кемелер құмға батып жатыр.

Сонымен қатар "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізіміне Ұлыбританияның Солтүстік теңізі жағалауында орналасқан Маунселл қамалы да кірген.

Айта кетсек,бұған дейін әлемге әйгілі Виктория сарқырамасының құрғап қалғаны хабарланған еді.

Африканың Замбези өзенінде орналасқан әйгілі Виктория сарқырамасы рекордтық деңгейге дейін құрғап кеткен. Құрғақшылықтың салдарынан Замбия мен Зимбабвеге миллиондаған туристерді келтіретін сарқыраманың ағысы азайып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834903-zbekstandagy-kala-lemdegi-e-korkynysty-zerdi-biri-dep-tanyldy/

pixel