RU
Ағайынды екі ер адам зорламақ болған үш баланың анасы арызынан бас тартқан

Ағайынды екі ер адам зорламақ болған үш баланың анасы арызынан бас тартқан

Рассказать Вконтакте

Ағайынды екі ер адамнан таяқ жеп, зорлау әрекетінің құрбанына айнала жаздаған үш баланың анасы күдіктіге таққан айыбынан бас тартып, қарсы арыз жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, 2019 жылдың 29 желтоқсанында Түріксіб аудандық полиция басқармасына ұрып, зорламақ болды деген арызбен Ж. есімді азаматша С. есімді азаматтың үстінен шағымданған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 24 бабы, 3 бөлімі және 120 бап бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған. Қылмысты тезірек ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған.

"Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталды, олармен тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматша Ж.-ның алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сонымен бірге, жәбірленуші полицияға шағымданған күні азамат С.-ға қарсы шағымдарынан бас тартып, қарсы арыз жазғанын атап өткен жөн. Аталған дерек бойынша тергеу жалғасуда", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, күні кеше Алматыда жалақысын алуға барған үш баланың анасын жұмысындағы ағайынды екі жігіттің ұрып-соғып, зорламақ болғаны туралы ақпарат тараған.

Жантүршігерлік оқиға "Не молчи KZ" қоғамдық қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған.

Әлеуметтік желідегі хабарламаға сәйкес, үш баланың анасы ғимараттарға сырлау, ақтау, левкас жасаумен айналысқан. 29 желтоқсан күні кешкі уақытта оған жұмысынан хабарласып, жалақысын алып кетуге шақырған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel