RU

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Астана" сапынан кетті

Telegram logo VKontakte logo

Футболдан Казақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты елордалық ұжымнан кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі: Instagram

Футболшы "Астана" сапына 2014 жылы қосылып, одан кейін "Қайсарға" ауысып, артынша елорда командасына қайта оралған еді.

Серікжан осы аралықта "Астана" құрамында 189 ойын өткізіп, 19 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.

Ол команда құрамында болған жылдарда алты дүркін Қазақстан чемпионы атанып, одан бөлек Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойнады.

"Астана" футбол клубы Серікжанға команда құрамында өткізген жарқын сәттері үшін ерекше алғыс білдіріп, алдағы мансабына толағай табыс тілейтінін жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің ең қымбат 15 футболшысының рейтингі жасалған.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат ойыншы болып танылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр.

Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Ал Ресей чемпионатында өнер көрсететін Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан.

"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы "Оренбург" клубына қысқы ауысым кезінде қосылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Астана" сапынан кетті