RU

Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Барлық зардап шегушілер Алматы мен Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемелерге жатқызылды. Оларға толығымен қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Спикер Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына ауыстырылған науқас туралы да айтты. Әбішевтың сөзінше, мұндай шешім дәрігерлердің қойған диагнозынан кейін қабылданған.

"Осының негізінде ол санитарлық авиацияның көмегімен астанаға ауыстырылды. Медициналық көмек көрсетілді. Қазір бәрі динамикада - барлық науқастың жағдайы жақсарған. Ешбір науқаста нашарлау бақыланған жоқ. Олар жақын уақытта шығарылады", - деді Әбішев.

Сондай-ақ вице-министр жапа шеккен балалардың жағдайын да сөз етті.

"Олардың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деп түйіндеді спикер.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Mailfire view pixel