Выйти
RU

Бейтаныс қызға бүйрегін сыйлаған оралдық жігіт адам өлтірді деген күдікке ілінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желтоқсан айының соңында Орал қаласында Қуаныш Ахметов есімді жергілікті тұрғын көп қан жоғалтып қайтыс болды. Марқұмның өліміне күдікті ретінде жеке фирманың бірнеше күзетшісі ілінген. Олардың қатарында бейтаныс қызға өз еркімен бір бүйрегін сыйлаған Абзал Әбілов бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бірнеше күн бұрын қалалық полицияға жанармай құю бекетінің жанында белгісіз адамдардың жергілікті тұрғынды ұрғаны туралы хабар түскен болатын.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жерде жатқан жәбірленушіні көрген.

Жедел жәрдем қызметі ер азаматты ауруханаға алып кетіпті.

Алайда, ол жолда қайтыс болды.

Белгілі болғандай, 25 желтоқсан күні жергілікті тұрғын жаңа жылдық кешке барған.

Кейінірек марқұмды мерекелік дастарханнан наркологиялық станцияға жеткізген.

Ер азамат сонда ашуға бой алдырғандықтан, қызметкерлер "Сова" жеке фирмасының күзетшілерін шақырыпты. Олар бұзақыны алып кеткен.

Тәртіп сақшылары жанармай құю бекетінде орнатылған камералардан қансыраған ер азаматты құтқаруға әрекеттенген видеоны тапқан.

Жазба жергілікті "Мой город" басылымында жарық көрді.

Қаза тапқан Қуаныш Ахметовтың әпкесі оқиға туралы өз ойын білдірді.

Ол бауырының куәгерлерден полицияны шақыруды өтінгенін жеткізді.

Марқұмның ағасының айтуынша, Қуанышты күзет қызметкерлері ұстап алып, көлікке отырғызғаннан кейін ол қашып кетуге тырысқан. Содан кейін, жанармай бекетінде қалып, куәгерлерден көмек сұрапты.

Айта кетейік, осы жерден полицияның кезекші бөліміне хабарлама түскен.

Алайда ер азаматқа тығылуға мүмкіндік болмапты.

Ағасының түсіндіруінше, қоршаудан секіруге тырысқанда, олар інісін ұстап алған. Осы кезде марқұмның артериясы кесіліп кетіпті.

32 жастағы қалалық тұрғын көп қан жоғалтып, қайтыс болды.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірген.

Дәрігерлер марқұмның шынтақ жағы кесілгенін, денесінде көптеген жарақаттар болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін өз еркімен бейтаныс қызға бүйрегін беріп, ел арасында танымал болған Абзал Әділов есімді ер адам Қуаныштың өліміне күдіктілердің бірі болып отыр.

Еске сала кестек, шымкенттік қызға бүйрегін берген оралдық жігіт өткен жылы оңтүстіктің қызына үйленген болатын.

Алайда кейін қайырымды жанның жұмыссыз жүргені анықталды.

Біраз уақыттан кейін Абзалдың күзетші болып жұмысқа тұрғаны хабарланды.

Енді Абзал мен жеке күзет фирмасының тағы бір қызметкерін 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейтаныс қызға бүйрегін сыйлаған оралдық жігіт адам өлтірді деген күдікке ілінді