RU

Шымкентте "Полицейдің үрейі" атанған Жанпейісовтің ісі сотқа жіберілді

Telegram logo VKontakte logo

Халық арасында Руслан Жанпейісов атымен танылған Бейбарыс Райымбековқа қатысты қылмыстық тергеу аяқталды. Іс материалдары Әл-Фараби аудандық сотына қаралымға жіберілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полицейлер тыңшысына Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" және 378 баптың 2-бөлігі "Билік өкілін қорлау" бойынша айып тағылған.

"Процесс ашық деп жарияланған, ол орыс тілінде, қажет болса аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Айыпталушы Бейбарыс Райымбековке қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат және тиісті тәртіп" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, сот оның күшін жоюға немесе өзгертуге негіз таппады", - делінген Әл-Фараби аудандық сотының үкімінде.

Осылайша, айыпталушы сотқа арнайы жасақсыз, өзі келетін болады.

Жанпейісовтың адвокатының айтуынша, сот отырысы өткен жылдың желтоқсан айының ортасында басталуы керек еді. Алайда қорғаушылардың үлкен жүктемесіне байланысты сот 2020 жылдың 13 қаңтарына ауыстырылған.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте белсенді, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталған.

Кейін желіде белсендінің тұтқындау сәтінен видео пайда болды. Ал 28-ші қыркүйекте Жанпейісовтің қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, Шымкент прокуратурасы блогер әрі азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовті қамаудан босатудың 7 себебін атаған.

Прокуратурада себеп ретінде күдіктінің аты-жөні анықталғаны, оның қалада тұрғылықты тұратын жері бар екендігі және тергеуден жасырынуға тырыспағаны айтты.

Одан бөлек, кәмелетке толмаған балаларының болуы, пробация бақылауы мен қайта қылмыс жасалуының болмауы маңызды рөл атқарған.

Сондай-ақ, органда "Бұзақылық" бабы бойынша бұған дейін күдікке ілінген белсендінің ісі жабылғаны хабарланды. Бұған қылмыстық құрамның болмауы себеп болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шымкентте "Полицейдің үрейі" атанған Жанпейісовтің ісі сотқа жіберілді