Выйти
RU

"Астана" сапынан тағы бір қазақстандық үздік футболшы кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Футболдан Казақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты елордалық ұжымнан кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Хижниченко "Астана" сапына екі рет келген. Ол алғаш елордалық клуб жейдесін 2010 жылы киді. Екінші рет шабуылшы 2019 жылғы маусымда нұр-сұлтандық ұжым құрамында доп тепті.

Содан бері Сергей 30 ойынға қатысып, қарсыластардың қақпасына 6 гол соқты.

"Астана" футбол клубы шабуылшыға команда құрамында өткізген жарқын сәттері үшін ерекше алғыс білдіріп, алдағы мансабына толағай табыс тілейтінін жеткізді.

Осыған дейін, елордалық ұжым сапынан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтың кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, еліміздің ең қымбат 15 футболшысының рейтингі жасалды.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат ойыншы болып танылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуро.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр.

Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Ал Ресей чемпионатында өнер көрсететін Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан.

"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы "Оренбург" клубына қысқы ауысым кезінде қосылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Астана" сапынан тағы бір қазақстандық үздік футболшы кетті
Mailfire view pixel