Выйти
RU

БҚО-да тұмаудан екі сәбидің көз жұмғаны туралы хабарлама желіде тарауда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда тұмаудың салдарынан екі сәби қайтыс болды деген хабарлама желіде пайда болды. Аталған ақпаратты таратқан автордың сөзінше, көз жұмған бүлдіршіндер 9 және 11 айлық болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

БҚО-да тұмаудан екі сәбидің көз жұмғаны туралы хабарлама желіде тарауда

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылым мәліметінше, жаңа жылдық мерекелерден кейін желіде екі сәбидің өліміне әкеп соққан тұмау жайлы хабарлама тараған.

Таратылған хабарламаның авторы қайтыс болған бүлдіршіндердің қызыуының 40-42 градусқа көтерілгенін атап өтті.

SMS-те сондай-ақ, аталған ақпаратпен поликлиника қызметкері бөліскені айтылған.

Желіде көптеген оқырмандар қалада көптеген адамдар ауырып үлгерген тұмау тарап жүргенін атап өтті. Кейбір желі қолданушылары дене қызыуын түсіре алмай дал болғанын да сөз етті.

Кейбірі қатты жөтел аталған аурудың белгілерінің бірі болып саналатынын алға тартты. Оны емдеу тіпті, қиынға соғатын көрінеді.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жаңалыққа жауап беріп, аймақта сәбилердің өліміне әкелуі мүмкін өлім-жітім тіркелмегенін айтты.

Мамандардың сөзінше, аймақта расымен де көптеген адамдар вирустық аурумен ауырып, жоғарғы дене қызуына шағымданып жүр. Дегенмен, тұмаудан қайтыс болғандар жоқ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да тұмаудан екі сәбидің көз жұмғаны туралы хабарлама желіде тарауда