Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін медициналық сақтандыру мәселесін шешуі керек

Опубликовано:

Осы жылдан бастап Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру іске қосылды. Ел тұрғындары 1 сәуірге дейін сақтандыру мәселелерін шешіп, МӘМС мүшесі болуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Өзіңіздің медициналық сақтандыруыңыздың бар-жоғын egov сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп анықтайсыз. Егер электронды цифрлы қолтаңбаңыз болмаса, онда ХҚКО жүгінуге тура келеді.

Медициналық сақтандыруды жеке кәсіп иелері, жалдамалы жұмысшылармен бірге тұрақты жұмысы жоқ қазақстандықтар да аша алады. Жеңілдігі бар адмдардың сақтандыруын мемлекет төлейді.

Сондай-ақ egov немесе ХҚКО арқылы медсақтандыру жүйесіне енгізілген кез келген емханаға тіркелуге болады. Ол мемлекеттік емхана немесе жеке медициналық мекеме болуы да мүмкін.

Қазақстандықтар өздерінің МӘМС мәртебесін 1 сәуірге дейін анықтауы тиіс. Сол уақытқа дейін барлық азаматтар "сақтандырылған" деп есептеледі.

Осы күннен кейін сақтандырылмаған адамға медициналық көмек қажет болса, сақтандыру үшін "жедел" төлем жасауға болады.

Медициналық сақтандырудың көмегімен қазақстандықтар дәрігерлердің кеңестері мен қабылдауларына, түрлі анализдер мен зерттеулерге, сондай-ақ КТ және МРТ-ға ақы төлей алатындығын айта кеткен жөн.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтып берген еді. Оның сөзінше, барлық науқастың жағдайы жақсарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834943-kazakstandyktar-1-suirge-dejin-medicinalyk-saktandyru-mselesin-sesui-kerek/

pixel