Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қыз өзін зорлаған өгей әкесінен жүкті болып қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұратын әйел адамның кәмелетке толмаған қызын өгей әкесі, анасының бұрынғы күйеуі зорлағаны туралы айтқан хабарламасы тарады. Қазір уақытта қыздың аяғы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында қыз өзін зорлаған өгей әкесінен жүкті болып қалды
Көрнекі фото: akhbor-rus.com: UGC

KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы полиция бөлімінен түсініктеме сұрады, онда олар болған оқиғаны растады. Белгілі болғандай, ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушысының жүктілік фактісін өткен жылдың 25 желтоқсанында сауалнама кезінде анықтаған.

Сауалнама жүргізу кезінде полиция қыздың өгей әкесі болып табылатын 49 жастағы ер адамның оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны белгілі болды.

Дәл сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның хабарлауынша, жауап берген ер адам өзіне тағылған қылмысқа қатысты өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол "ешқайда кетпеу туралы қолхатпен" босатылып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында фермада өз-өзіне қол салды.

Соған қарамастан тергеу жалғасуда, оның барысын Алматы облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасы бақылауда.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысындағы ауылдық округте 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келгені туралы хабарлаған едік.

Облыстық полиция департаментің мәліметінше, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834955-almaty-oblysynda-kyz-zin-zorlagan-gej-kesinen-zkti-bolyp-kaldy/

pixel