Выйти
RU

Арман Оспановтың алдағы жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен 6 наурызда жекпе-жек өткізетіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/armanospan89

Фото: instagram.com/armanospan89

Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) ресми мәлімдеген.

Кездесу Алматыда болатын ACA 105 турнирі барысында 6 наурызда өтпек. Айта кетсек, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылдың 10 қарашасында жекпе-жек өткізулері тиіс еді. Алайда сол сәтте қазақстандық жарақатына байланысты алаңға шыға алмаған.

Sherdog мәліметінше, 30 жастағы Оспанов тоғыз рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Ал 33 жастағы Мирзаев 18 рет жеңіске жеткен. Оның екеуінде қазақстандық Ержан Естеновты тізе бүктірген, сондай-ақ екі рет жеңіліске ұшыраған.

Оспанов соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковтан нокаутпен ұтылған. Олар үш рет кездесіп, трилогияда Полпудников 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетсек, бұған дейін отандасымыз Геннадий Головкиннің де келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болған.

Алғашында 37 жастағы қазақстандық боксшы шаршы алаңға 8 немесе 29 ақпан күні оралатыны айтылған болатын. Ал енді оның польшалық Камил Шереметамен өткізетін титулды жекпе-жегі көктемге, 28 наурызға белгіленіп отыр.

Камил Шеремета Геннадий Головкинге IBF желісі бойынша міндетті қарсылас болып табылады. Көптен күткен кездесу Чикагода (АҚШ, Иллинойс штатында) өтуі мүмкін.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арман Оспановтың алдағы жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды