RU

Өнер адамдары ұлынан айырылған Ердос Қанаевқа көңіл айтуда

Telegram logo VKontakte logo

"Жігіттер" квартетінің белді мүшесі Ердос Қанаевтың тұңғыш баласы көз жұмды. Суық хабарды естіген эстрада жұлдыздары әріптесі Ердос пен оның отбасына көңіл айтып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Әріптесі Бағлан Әбдірайымов тұңғышынан айырылған әншінің қайғысына ортақтасты.

"Ердосжан, қайғыңа ортақпын! Алла періштенің жанын жәнәтті етсін! Бүгін, Ердос ұлы Абдурахим баламыз 9 жасында өмірден озды", - деп жазған ол.

Жас әнші Дастан Қалиханұлы да қара жамылған отбасыға көңіл айтты.

"Ердос аға, қайғыңызға ортақпын! Кішкентай періштенің жаны жәнәтт етсін! Алла сабырлылық берсін", - деп жазды ол.

Әншінің қайғысына ортақтасқандар арасында "МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев та бар.

"Иманы берік алтын бауырым, Ердостай, тұла бойы тұңғыштарыңды АЛЛА тағала мейіріміне бөлегей. Әбдурахим баламыз келін екеуіңе қияметте шапағатшы болсын", - деп жазған әнші.

Мақпал Жүнісовада Ердос Қанаевтың отбасыға көңіл айтты.

"Ердосжан қайғыларыңа ортақ деп білерсің, тұңғыш ұлдарың Абдурахимнің жаны жәннатта болсын, артының қайырын берсін, өздеріңе Алла ұзақ өмір берсін", - деп жазды әнш

Еске сала кетсек, бүгін, кешкі уақытта әнші Ердос Қанаевтың тұңғышы, Әбдурахим есімді ұлының қайтыс болғаны хабарланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Өнер адамдары ұлынан айырылған Ердос Қанаевқа көңіл айтуда