Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: ААК жағдайға қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Жаңа жыл қарсаңында, яғни, 27 желтоқсан күні Алматыда болған ұшақ апаты қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Азаматтық авиация комитеті бұл қайғылы жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы ұшақ апаты: ААК жағдайға қатысты түсініктеме берді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Өз хабарламасында ААК бөлімге журналистерден көптеген өтініштер келіп түсетінін атап өтті. Олардың барлығы "Бек Эйрдің" Fokker-100 ұшағымен болған апат туралы түсініктеме беруді сұрайды.

Сонымен қатар, комитет бұл қайғылы оқиғаның әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқанын, желі қолданушылары мен блогерлердің апаттың себептері туралы түрлі болжамдарды алға тартатынын, сондай-ақ болған оқиғаға кінәлі болуы мүмкін адамдарды талқыға салатынын атап өтті.

ААК қолданыстағы ережелерге сәйкес, агенттік тергеу аяқталғанға дейін оның қалай жүріп жатқандығы туралы ақпаратты жариялауға құқығы жоқ екенін еске салды.

Хабарламада, сондай-ақ, ресми тергеу комиссиясы ғана осы қайғылы оқиға туралы ақпарат бере алатындығы айтылған. Сондықтан комитетте шыдамдылық танытып, ресми түсініктеме күтуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Bek Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді.

Жуырда Bek air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов әуе компаниясына туған елінде ұшуға мүмкіндік берілмесе, басқа мемлекетте қызмет бастауға тура келетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834972-almatydagy-sak-apaty-aak-zagdajga-katysty-tsinikteme-berdi/

pixel