RU

Алматы облысындағы дәмхандағы төбелес: Әкім орынбасары қызметінен шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Ұзынағаш ауылындағы "Белые розы" мейрамханасында болған төбелестен соң Жамбыл ауданының әкімі Алмас Әбдібаев тексеріс аяқталғанға дейін, уақытша қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадрлар: Telegram / Jexen News

Видеодан алынған кадрлар: Telegram / Jexen News

Белгілі болғандай, төбелес өткен жылы, 25 желтоқсанда сағат 00.30-да болған.

Ұзынағаштағы жергілікті "Мирас" сауда орталығында орналасқан "Белые розы" мейрамханасында аудандық Мәдениет үйінің заңгері Бейсенбаев, әкім орынбасары Әбдібаев, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Үсенбаев төбелескен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдіктегілер аталған жайтқа тексеріс жүргізетін жұмыс тобын құрған. Әбдібаев пен Үсенбаев болған оқиғаға түсініктеме берген. Осыдан соң Үсенов қызметімен қош айтысқан.

Ал әкім орынбасары тексеріс аяқталғанша, уақытша қызметінен босатылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары мейрамханада төбелесіп, видеоға түсіп қалғаны хабарланды.

Өңір басшысының ресми өкілі Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде лезде таралып, авторлары кадрда Жамбыл ауданының шенеуніктері екенін алға тартқан видеоға қатысты жауап берді.

Баспасөз хатшысы видеода Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратын мемлекеттік қызметкер бейнеленгенін растаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысындағы дәмхандағы төбелес: Әкім орынбасары қызметінен шеттетілді
Mailfire view pixel