RU

Қарағандылық келіншек Жаңа жыл кешінде досын өлтірді деген күдікке ілінді

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында тұратын ер адамның көршілері есігі ашық тұрған пәтердің ішінен азаматтың қан жоса болған денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандылық келіншек Жаңа жыл кешінде досын өлтірді деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Пәтерде басқа адамдардың болғанын растайтын іздер болған. Дастархан жаюлы болды, ал марқұм қансырап жатты. Ер азамат 32 жаста еді.

Қайғылы оқиға орнына келген полиция қылмысты бірден аша алмады. 2 қаңтардан бері бұл кісі өлтіру ашылмаған күйінде қалды. Бірақ бүгін, 6 қаңтарда полиция кісі өліміне күдікті әйелдің ұсталғанын хабарлады.

Жаңа жыл құрметіне арналған мерекелік отырыс ер мен әйел адам үшін қылмыспен аяқталды. Келіншек досымен ұрысып қалып, оны ауыр затпен ұрып өлтіргенін айтты.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, істеген ісі үшін өкінді. Қазіргі таңда күдікті изоляторда отыр.

Еске сала кетейік, 7,5 млн теңге үшін екі инкассаторды атып өлтірген Түркістан тұрғынының сотталғаны туралы хабарлаған едік.

Сонымен қатар, өзі жалдаған өзбек жұмысшысын өлтірген Маңғыстау тұрғыны 10 жылға сотталды.

Сондай-ақ Қаратауда 8 жасар қызды асқан қатігездікпен өлтірген ер адамның өмір бойына сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1835001-karagandylyk-kelinsek-zaa-zyl-kesinde-dosyn-ltirdi-degen-kdikke-ilindi.html