Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізуші көлігіне қар атқан жасөспірімдерге оқ жаудырды

Опубликовано:

Америка Құрма Штаттарының Милуоки қаласында көлік жүргізушісі тұлпарына қар атқан 12 және 13 жастағы балаларды атып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Взгляд" басылымына сілтеме жасап.

Жүргізуші көлігіне қар атқан жасөспірімдерді оқ жаудырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

РИА Новостидің хабарлауынша, 2 жастағы қыз бен 13 жастағы ұл бала басқа балалармен бірге өтіп бара жатқан көліктерге қар лақтырған. Қарлардың бірі Toyota көлігіне тиіп кетті. Содан кейін оның жүргізушісі қару алып, бір топ балаларға оқ жаудырды

Оқ жарақатын алған балалар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіруде.

Естеріңізге сала кетейік, ақтөбелік көпбалалы әкенің қардан ерекше мүсіндер жасайтыны туралы хабарлаған едік.

Әлімбек Бағымов Қорайлы ауылында тұрып, жылда қар түскенде ұлдарын қуанту үшін қымбат көліктер мен әскери техниканы қардан қалап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Айта кетейік, Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетіп, бірі мерт болды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған.

Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен.

Олардың үшеуі аман қалса, суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835012-zrgizusi-kligine-kar-atkan-zasspirimderdi-ok-zaudyrdy/

pixel