RU

Өзбекстандық ерлі-зайыпты немересінің жөргегіне алтын салып, Қазақстанға өткізбек болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көрші Өзбекстанның құқық қорғау органдары бақылау бекетінде бірнеше контрабанданы анықтады. Олардың бірнеше келі алтынды елімізге өткізуге тырысқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстандық ерлі-зайыптылар немересінің жөргегіне алтын салып, Қазақстанға өткізбек болған

Көрнекі фото: pixabay.com

Атап айтқанда, шекарашылар контрабандаға күдікті деген жеті өзбек азаматын ұстады.

Айтып өту керек, ұсталғандардың арасында немерелерінің жөргегіне бір келіден астам алтынды жасырып алып өтпек болған ерлі-зайыптылар да бар деп хабарлайды Podrobno.uz.

Қымбат металдың дәл осындай мөлшері өзге де Өзбекстан азаматтарынан табылды. Олар өнімдерді біздің елге контрабандалық жолмен өткізуге тырысты, содан кейін оларды Үндістанға жібермек болған.

Онда олар алтынды сатып жіберуді көздеген. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстандағы Арал теңізі маңында орналасқан Мойнақ қаласы "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізіміне енгені туралы жазған едік.

Бұған дейін Арал теңізі үлкендігі жағынан әлемде төртінші орын алғаны белгілі. Өткен ғасырдың ортасында Мойнақ қаласы Арал теңізі маңындағы ең үлкен кемежай болған.

Арал теңізінің құрғап қалуы - әлемдегі ең қорқынышты экологиялық апаттардың бірі болып танылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстандық ерлі-зайыпты немересінің жөргегіне алтын салып, Қазақстанға өткізбек болған
Mailfire view pixel