RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовты қабылдады

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының басшысы президентке өткен жылы аймақта қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы айтты. Сонымен қатар, Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысының әлеуетін одан әрі нығайту жоспарлары туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовты қабылдады

Фото: Ақорда

Облыс әкімі Мемлекет басшысына аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ өңірдің әлеуетін одан әрі нығайту жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Даниал Ахметовтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі артқан, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі байқалады.

Облыс әкімі Президентке атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа форматын іске асу барысы жайында мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыста тұратын әрбір аз қамтылған отбасының жағдайына мұқият талдау жасап, оларға көмек көрсету жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Көп балалы отбасыларға қатысты да осындай тапсырма берілді.

Сонымен қатар Даниал Ахметов Мемлекет басшысына осы жылдың екінші жартыжылдығында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталатынын хабарлады. Президент бұл нысанның әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды екенін атап өтіп, көпір құрылысы аймақ халқының едәуір бөлігін жол тауқыметінен арылтатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовке Абайдың 175 жылдығын өткізуге, соның ішінде, Жидебайдағы мұражай мен қонақ үй кешенінің құрылысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы әкімнің өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысына оң баға беріп, Шығыс Қазақстан облысының ғылым-білім және медициналық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel