Выйти
RU

Күйеуі мен енесінің іс-әрекетінен шаршаған 22 жастағы келіншек өзге жігітті сүйіп қалғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

22 жастағы әйел ерте тұрмыс құрғанын, бүгінде екі баланың анасы болып отырғанын сөз етті. Алайда келіншектің сөзінше, ол тұрақты жұмысы жоқ күйеуі мен отбасына араласа беретін енесінің кесірінен үйден кеткен. Екі баланың анасы қазіргі таңда бөтен жігітті ұнатып қалғанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуі мен енесінің іс-әрекетінен шаршаған 22 жастағы келіншек өзге жігітті сүйіп қалғанын айтты

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншек басындағы оқиғасымен Instagram-дағы astana__forum парақшасында бөлісті.

"Жасым 22-де, тұрмыс құрғаныма 5 жыл болды. Екі балам бар. Осы уақыт аралығында күйеуіме барынша шыдап келдім. Ол вахталық қызметте жұмыс істеді. Жазда қызмет етіп, қыста үйде жатты. Оның үстіне бар жалақысын енем алып қоятын. Не балаларымызды не күйеуімді киіндірмеді. Ақша тапшылығынан мен ждұмысқа шығуға мәжбүр болдым", - дейді кейіпкер.

Келіншектің сөзінше, оның үйден кетуіне енесі мен күйеуінің бейқамдығы себепші болған.

"Енем мен жоқта балаларға қарай тұратынын, есесіне мен азық-түлік алуым керек екенін айтты. Келістім, бірақ көп ұзамай кішкентай балам тынымсыз деп оны балабақшаға беруге тура келді. Осылайша 5 жыл да өте кетті. Күйеуім ешкімге ештеңе дей алмай үнсіз жүргеніне жыным ұстап, осы қыста үйден кеттім. Содан кейін өмірімде бір жігіт пайда болды", - деді ол.

Екі баланың анасы күйеуінен кеткеннен кейін бөтен жігіттің оған жазып, көңіл білдіргенін сөз етті. Алайда келіншектің жұбайы оның артынан қалмай, отбасына оралуын сұрап жүр екен.

"Ол маған жаза бастады. Күйеуім мен балаларымның барын жақсы білді. Оған ғашық болып қалдым дей алмаймын бірақ ұнаттым. Содан кейін күйеуім де күнде келіп, қайтуымды сұрады. Мен балаларымды ойлап, оған бір мүмкіндік беруге шешім қабылдадым. Солайша онымен төсектес болдым. Сол кезде оған деген сезімімнің бұрынғыдай емес екенін түсіндім. Күйеуіммен тұрғым келмейді, бірақ балаларыма обал. Оның үстіне әлгі жігітті де ұнатып үлгердім", - деп ашынды келіншек.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Күйеуі мен енесінің іс-әрекетінен шаршаған 22 жастағы келіншек өзге жігітті сүйіп қалғанын айтты