Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Достарымен қоса ән салған Димаштың әкесі елді тәнті етті

Опубликовано:

Желіде Димаш Құдайбергенннің әкесі Қанат Айтбаевтың достарымен ән шырқап жатқан видеосы тарап кетті. Көңілді кеш кезінде түсірілген бейнежазба желідегілердің жылы лебізіне ие болған. Көпшілік әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген әншінің әкесі де өлеңді жақсы айтады деген пікір білдіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/sveta_aitbaeva73 / видеодан кадр
Фото: instagram.com/sveta_aitbaeva73 / видеодан кадр: Facebook

Өнер саласында жүрген адамдардың ортасында өткен көңілді отырысты ақын әрі әнші Орал-Қосай Байсеңгір Facebook желісіндегі өз парақшасына жүктеген.

Аталмыш видеожазбада өнердің бетке ұстарлары бірге қосыла "Ауылға барам" әнін орындап отырғаны көрінеді.

"Осы әнді айтпасақ, сәніміз келмейді. Авторлары Құралай апамыз бен Ибрагим ағамызға мың алғыс! Әнші операторымызға да рахмет", - деп жазған ақын.

Роликті көрген желі қолданушылары да кештің керемет өткенін жарыса жазған.

"Керемет! Тамаша! Аман болсын осындай алдынгы буын аға-апалар!", "Қандай күшті! Аман болыңыздар!", "Тамаша отырыс әдемі ән керемет орындау! Әйел кісінің дауысы ерекше екен!", "Қандай керемет!", - деп жазған оқырмандар.

Айта кетсек, Орал-Қосай Байсеңгір дарынды әнші Димаш Құдайбергеннің "Ұмытылмас күн" әнінің сөзін жазған.

Еске сала кетсек, күні кеше әлеуметтік желілерде видео мұрағат жарияланып, кезінде Димаштың ақша табу мақсатында вокзалда достарымен бірге жұмыртқа сатқаны белгілі болған еді.

Бейнеролик Димаш Құдайбергеннің Instagram әлеуметтік желісіндегі фан-парақшасында пайда болды.

Видеода Димаштың достарымен бірге Оралдағы вокзалда тұрғанын көруге болады. Оның айтуынша, олар концерттен ақша таппақ болған, алайда ол іс жүзеге аспаған себепті жұмыртқа сатуға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835065-dimasty-kesi-49-zasyn-aktbede-drkiretip-tojlady-video/

pixel