RU

Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына екінші зымыран ұшыратынын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери күштері орналасқан нысандарына екінші зымыран толқынын ұшырып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu Agency via Getty Images

Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu Agency via Getty Images

Иран тарапы айғақ ретінде желілерде снарядты жіберу сәті түсірілген видео жариялаған. Бұл туралы Tasnim ақпараттық агенттігі мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта ирандық әскерлердің нақты қай жерге соққы жасамақ ниетте екені белгісіз.

РИА Новости хабарлауынша, Иран әскери қызметкерлері әскери ұшақтарды көкке көтеру туралы шешім қаблдаған. Олар мемлекет пен шекара аумағын күзететін болады.

Сондай-ақ Эйн-аль-Асад базасындағы атыс кезінде жараланғандар туралы ақпарат тарады. CNN хабарлауынша, жарақат алғандар Ирак азаматтары.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде "Аль-Кудс" ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Сондай-ақ Иранда қаза болған генералмен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамптың басы үшін 80 млн доллар сыйақы тағайындалған. Бұл қаражат ирандықтардан жиналмақ болғаны айтылды. Дегенмен Иран билігі бұл ақпарды ресми растаған жоқ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына екінші зымыран ұшыратынын мәлімдеді
Mailfire view pixel