RU
Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Түрксіб ауданында үш адам газдан уланып көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қайғылы жағдай газ қондырғыларының біліксіз орнатылуынан пайда болды: Мұржасы ажыратылып, үйге газдың бір бөлігі түскен.

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

6 қаңтар күні кешкі сағат 6-да Алматы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде қаланың төменгі бөлігінде, Дегдар көшесіндегі үйде үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды. 1950, 1960 және 1997 жылы туған үй тұрғындары жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім еткен.

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар үйді жылытпақ болғандықтан қайғылы жағдай болды деп болжады.

Біріншіден, жылыту құрылғысының өндірісінің өзі күмәнді тудырды. Екіншіден, пешке қосылған гофрленген жақсы бекітілмеген. Үшіншіден, құрылғыға қосылған түтіктің ұзындығы дұрыс болмады.

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Нәтижесінде мұржа ажыратылып, газ бүкіл үйге таралып, адамдар уланып қалған деп хабарлайды Алматы қаласының ТЖД. Желдеткіш марқұмдардың өмірін құтқармады. Анықталғандай саңылауы шүберекпен бітелген.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда Құдайбердіұлы даңғылында бес адамның газдан уланғаны туралы хабарлаған едік. Олардың төртеуі бала болып шықты.

Өртті сөндіру үшін жеті арнайы техникамен жеке құрамның 26 мүшесі атсалысқан.

Алматыда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel