RU
Жұлдыз Өмірғали Айқынды "Кешьюдің" қыздарынан қызғанып қалды (видео)

Жұлдыз Өмірғали Айқынды "Кешьюдің" қыздарынан қызғанып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергенді өзі өнер көрсеткен "Кешью" тобының қазіргі жаңарған құрамындағы қыздардан қызғанып қалды. Атышулы ұжымның бұрыңғы әншісі жолдасының әрбір арумен бет сүйісіп амандасатынына ашулынып, онымен сөйлеспей қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдызды жұптың өзара келіспеушілігі отандық телеарналардың біріндегі жаңа жылдық бағдарламаның түсірілімі кезінде орын алған. Айқын "Кешьюдің" жаңа құрамын көре сала, олармен амандаса кеткен. Алайда, бұл жайт әншінің заңды әйеліне мүлдем ұнамаған.

"Жас қыздардың бетінен сүюді қашан қоясың?", - деді өнер иесі жолдасына.

Жұлдыз Өмірғали күйеуіне оның бұл әрекетіне қатысты наразылығын білдіріп, есікті жауып кетіп қалады.

Бұл оқиғаға куә болған тағы бір экс-Кешьюлік әнші Ақбота Айдарқұлова аталмыш жұптың махаббат хикаясы да бет суюсіден басталғанын басып айтты.

Артынан Төреғали мен Әбдіжаппар Әлқожамен бір бөлмеде болған жұлдызды жұп олардың көзінше бір-бірімен сөйлеспей қойған. Ерлі-зайыптылар бір-біріне деген наразылығын екі хит әнші арқылы жеткізіп отырды.

Жұлдыз Өмірғалидің Айқынды қызғанып қалған сәті Instagram желісіндегі qazaq_star парақшасында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Алматы төрінде әкесінің 70 жас мерейтойын дүркіретіп өткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel