RU

Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері 28 желтоқсанда "Жалпыұлттық аза тұту күні" кезінде Жаңа жыл мерекесіне орай кеш ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күнде жасаған әкімдік қызметкерлерінің бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың ашу ызасын туғызыпты.

Мұндай жағдайға ашынған Ерейментау тұрғындары полицияға хабар беріпті. Алайда сауық жасаушыларды ешкім тоқтатпаған.

12 адамның қазасына әкелген қаралы оқиғаға да, мемлекет басшысының жарлығына да, Ерейментау ауданының басшысы мен қызметкерлері селт етпеген секілді.

Олар жаңа жылдық сауықты жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында өткізген.

Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов болса сол кеште әйелімен бірге "туған күнде" болғанын айтқан.

"Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның... несіне...  жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым", - деді Абай Әлжанов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Қаралы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сондай-ақ Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін де айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған
Mailfire view pixel