Выйти
RU

Иранда Украинаның 180 жолаушысы бар ұшағы апатқа ұшырады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранда 180 жолаушысы бар Украинаның Boeing 737 әуе кемесі апатқа ұшырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: commons.wikimedia.org/Oleg Belyakov

Көрнекі фото: commons.wikimedia.org/Oleg Belyakov

Агенттік мәліметінше, ұшақ Имам Хомейни атындағы Тегеран әуежайына жақын жерде апатқа ұшараған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі техникалық себептердің салдарынан апатқа ұшыраған. Қайғылы жағдай ұшқаннан кейін бірден орын алған.

Ирандық агенттіктің мәліметінше, әуе апаты туралы ақпарды Тегеран әуежайының басшысы растаған.

Mash Тelegram арнасының мәліметінше, Boeing 737 әуе кемесі Тегеран-Киев бағытындағы рейсті орындамақ болған.

Одан бөлек арна құла сәтінен видеолар жариялаған. Кадрды куәгерлер түсіріп алыпты.

Видеодан ұшақтың әуеде тұрып өртенгені байқалады. Бірнеше секундтан кейін ұшақ жерге құлаған.

Ұшақтың "Уральские авиалинии" әуе компаниясына тиесілі екені айтылған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Кейіннен Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранда Украинаның 180 жолаушысы бар ұшағы апатқа ұшырады
Mailfire view pixel