RU

Украинаның Иранда апатқа ұшыраған ұшағының видеосы жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың құлау сәтінен видео пайда боллды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ғаламтор қолданушылары әлеуметтік желілерде украиналық әуе кемесінің құлау сәтінен видео жариялай бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 180 жолаушы болған. Әуе апатының Иран аймағында болғаны хабарланды.

Ролик кадрларында ұшақтың биіктікті жоғалтқаны байқалады. Осы кезде борт өртке оранған.

Ұшақ Имам Хомейни атындағы Тегеран әуежайына жақын жерде апатқа ұшараған.

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі техникалық себептердің салдарынан апатқа ұшыраған. Қайғылы жағдай ұшақ ұшқаннан кейін бірден орын алған.

Сондай-ақ желіде радарға түсірілген жазбалар жарияланды. Онда ұшақтың 8000 футқа дейін биіктікке көтерілгені, біз ғана ұшып, күтпеген жерден жоғалып кеткені көрінеді.

Жазба авторы лайнердің жоғалып кетуін "таза спекуляция" деп атаған.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта жүзге жуық жолаушы болған.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украинаның Иранда апатқа ұшыраған ұшағының видеосы жарияланды
Mailfire view pixel