RU
Өзбекстанда анасы үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған

Өзбекстанда анасы үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған

Рассказать Вконтакте

Ташкент облысы Ахангаране қаласында 3 қаңтар күні үш айлық сәбиін 400 долларға сатып жібермек болған әйел адам ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CentralAsia (UZ) порталына сілтеме жасап.

Өзбекстанда ана үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы 7 қаңтар күні Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Бас басқарма хабарлады.

Атап өтілгендей, нәресте Ахангаран қаласының қалалық балалар ауруханасына тапсырылды.

Тергеу барысында ұсталған келіншектің Ахангаранск ауданында тұратыны және әзірге жұмыссыз екені белгілі болған.

Оған қатысты ҚК-тің 135 бабы 3-бөлімі "18 жасқа толмағандарды саудалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстанда аталған қылмысты жасаған адам сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 7 қаңтар күні, Өзбекстандық ерлі-зайыптылардың немересінің жөргегіне алтын салып, Қазақстанға өткізбек болғаны туралы ақпаратты жариялаған болатынбыз.

Олар қымбат металлды біздің елге контрабандалық жолмен өткізіп, содан кейін оларды Үндістанға жіберуді жоспарлаған. Алайда Өзбекстанның құқық қорғау органдары бақылау бекетінде контрабандаға күдікті деген жеті өзбек азаматын ұстады.

Айта кетейік, Өзбекстандағы Арал теңізі маңында орналасқан Мойнақ қаласы "Әлемдегі ең қорқынышты жерлер" тізіміне енгені туралы жазған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel