Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық ұшақ апатқа ұшырады: Желіде оқиға орнынан суреттер пайда болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың суреттері пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/Tasnimnews_Fa
Фото: twitter.com/Tasnimnews_Fa: UGC

Tasnim ақпарат агенттігі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында украиналық лайнердің құлаған жерінен алғашқы фотоларды жариялады. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Иран аумағында құлады.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Кейінірек әуе кемесінің құлау сәтінен видео пайда болды.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1835110-ukrainalyk-sak-apatka-syrady-zelide-okiga-ornynan-suretter-pajda-boldy/

pixel