RU
БАҚ: Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың барлық жолаушысы қаза тапты

БАҚ: Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың барлық жолаушысы қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ирандық басылымдар Иран аумағында апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың барлық жолаушылары қайтыс болды деген хабар таратуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mash

Фото: Mash

Boeing 737 лайнері бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

CNN мәліметінше, оқиға орын алған аумақта төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде.

Құлаған лайнердің отқа оранғаны да хабарланды.

Риа Новости дерегінше, әуе көлігінде 167 жолаушы болған. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.

Mash басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қызыл жарты айды құтқару қызметінің басшысы тірі адамдарды табу мүмкіндігі өте аз екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Кейінірек әуе кемесінің құлау сәтінен видео пайда болды.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel