RU
"Ұқсайсыздар": Жарымен суретке түскен Тәуекел Мүсілімге ел сүйсінді

"Ұқсайсыздар": Жарымен суретке түскен Тәуекел Мүсілімге ел сүйсінді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары желіде сүйіктісімен түскен суретін жариялап, елді қуантты. Көпшілік құшақтасып тұрған жас жұбайларға сүйсініп, оларға деген ақ тілектерін жаударды. Кейбір желі қолданушылары ғашықтарды бір-біріне ұқсатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mahonti_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mahonti_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекелдің келіншегі Махаббат Instagram парақшасына жұлдызды күйеуімен түскен ерекше фотосын жүктеді. Оның астына шоу-бизнес серісінің ғашығы "әрқашан қасымда бол" деген жазба қалдырған.

Суретте жас жұбайлардың құшақтасып, әрі күлімсіреп тұрғандарын көруге болады. Желідегілер олар қазіргі таңда аса бақытты шақтарының бірін бастарынан өткізіп жатқанын жарыса жазуда.

Оқырмандар Тәуекел мен Махаббатқа қатысты пікірлерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.

"Бақытты болыңыздаршы" , "Сондай әдмісіздер, көз тимесін" , "Бақытты шақты өткеріп жатқандарыңыз анық" , "Езулеріңіз жиылмасын, әрдайым осылай жүре беріңіздер" , "Ұқсайсыздар" , "Екеуіңіз бір-біріңізге ұқсайтын сияқтысыздар" , "Тәуекелдің осындай қарапайым, боянбайтын аруды таңдағаны қуантты" , "Мен де оны шоу-бизнес сылқымына үйленеді деп ойлағанмын" , "Тәуекел қуанттың, қалыңдығың сұлу. Бақытты болыңдар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің қайын жұртына барғанын жазған болатынбыз. Жас жұбайлар Қостанай қаласында демалып қайтқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel