RU

Алматылық жасөспірім 62 жастағы қарияның басынан ұрып, мерт қылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда 62 жастағы ер адамды 15 жастағы жасөсіпірім өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ер адам үйінен дүкенге шыққан. Алайда оның жолына қара түсті джип көлігі тұрып қалды. Көліктің рөлінде 15 жастағы жасөспірім отырды. Жүргізуші автокөліктен шығып, қарт жаяу жүргіншіні ойын таяғымен (битамен) басынан ұрған.

Төтенше оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл келіп жетті. Алайда зардап шегушіні құтқарып қалу мүмкін болмады, ол бірнеше минуттан соң көз жұмған. Кәмелет жасқа толмаған азамат та оқиға орнынан тез арада қашып кетіпті.

"Камерада бұл жігіттің Абайдағы тұраққа тұрғаны, қолына ойын таяғына ұқсас затты алып, оның артынан жүргені көрінеді. Қызым терезеден көріп: "Анда атам біреумен сөйлесіп әлде ұрсысып тұр. Түсініксіз" деді. Мен күртемді киіп, 1,5-2 минуттан соң төменге түстім, қарасам әкем жаяу жүргіншілер жолында беті төменге қарап жатыр, ол жер қан", - деді қаза тапқан қарияның ұлы Роман Ақмаев.

Тәртіп сақшылары кісі өлтірген күдіктіні ертесі күні таңертең ұстады. Ол 15 жастағы алматылық болып шыққан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Болған оқиғаның жай-жапсарын, сондай-ақ жасөспірімнің көлік рөліне қалай отырғанын полиция анықтап жатыр.

Алматы қаласы ПД ресми өкілінің айтуынша, аталған дерек 2019 жылдың 30 желтоқсанында Әуезов ауданы ПБ Полиция бөлімінде "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда үш адамның газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық жасөспірім 62 жастағы қарияның басынан ұрып, мерт қылды
Mailfire view pixel